Төрт салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Мигель Котто орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесуге байланысты өз болжамын жасады.
ESPN Deportes арнасының A Los Golpes бағдарламасында Коттоға үлкен экранға "Канело" мен Головкиннің біреуін таңдау туралы ұсыныс берілді. Мигель мексикалық боксшыны таңдады.
Айта кетейік, Котто 2015 жылдың қараша айында "Канелоға" қарсы жекпе-жек өткізіп, орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Жуырда пуэрторикалық боксшы Сауль Альварестің жұмыстарымен айналысатын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді.
Содан кейін Коттоның келесі жекпе-жегі туралы хабарланған еді. Ол өзінің келесі кездесуін 26 тамыз күні Лос-Анджелесте жапониялық Йосихиро Камегаимен (27-3-2, 24 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде бірінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Жарнама