Профи-бокс
16 маусым 2017 14:34
 
Мейвезер - МакГрегор кездесуінің билеттері қанша тұрады?

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер - МакГрегор кездесуінің билеттері қанша тұрады? © ESPN

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC жұлдызы Конор МакГрегор арасындағы кездесудің билеттері қанша тұратыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Айта кетейік, 15 маусымда Мейвезер мен МакГрегор жекпе-жегінің 26 тамызда өтетіні хабарланған болатын. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтеді. АҚШ-та бұл кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы көрсетеді.

Stub Center сервисінің ұсынған бағалары бойынша бұл жекпе-жектің ең арзан билетінің құны 2200 доллар болса, ең қымбат билеттердің құны - 70 879 доллар екен. Ең қымбат тилеттер рингсайдта орналасқан. Stub Center қазірдің өзіне өз клиенттеріне билеттердің келіп түскені туралы хабар беріп қойыпты. Сервистің тұтынушыларының бірі танымал америкалық журналист Пржемек Гарцарчик. 

40 жастағы Мейвезер спорттық карьеарасын 2015 жылдың қыркүйек айында, бірде-бір жеңіліс таппай кеткен болатын. Ол кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Осылайша ол бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды.

28 жастағы МакГрегор болса ережесіз жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, 21 жеңіске жетсе, 3 кездесуде жеңіліп қалды. 19 кездесуін ирландиялық спортшы уақытынан бұрын жеңді. Екі жеңілісті ол карьерасын енді бастап келе жатқанда тапса, үшінші жеңілісін Нэйт Диастан тапты.

Жарнама

Живи спортом!