Профи-бокс
15 маусым 2017 17:19
 
Мейвезер - МакГрегор кездесуі Головкин – "Канело" жекпе-жегіне кедергі келтіре ме?

  Пікірлер

blog.share

Спортсүйер қауым Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекті көп күткені жасырын емес. Ал Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесудің өтетініне көпшілік сеніңкіремеген. Себебі, бірі – кәсіпқой боксшы болса, екіншісі – аралас жекпе-жек шебері. Дегенмен бүгін ресми түрде белгілі болғандай, Мейвезер мен МакГрегор кездесуі 26 тамыз күні бокс ережесіне сай ұйымдастырылатын болды.

Мейвезер - МакГрегор және Головкин – Альварес жекпе-жектерінің қатар келуі спорт сарапшыларының ойын сан саққа жүгіртуде. Себебі екі кездесудің арасы аз уақыт ғана. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде "қай жекпе-жекті көруге болады, болмаса қайсысы қызықтырақ өтеді" - деген секілді сауалдар көбейе түсті.

Мейвезер мен МакГрегордың кездесуі Головкин – Альварес жекпе-жегіне көлеңкесін түсіретіні жасырын емес. Оған түрлі факторлар себеп. Тарқатып айтар болсақ, бірінші – спортшылардың танымалдылығы.

Флойд Мейвезер кәсіпқой бокста жеңілмеген спортшы ретінде ғана емес, әлемдегі ең бай тұлға ретінде де танымал. Оның жұдырықтасу стилі біреуге ұнамағанмен, оның атақ-дәрежелері жетіп артылады.  Ал Конор МакГрегор ше? Ол да спортсүйер қауымды, әсіресе жастарды мойындатып үлгерген майталман. Аралас жекпе-жекте екі бірдей салмақта (жеңіл және жартылай жеңіл салмақта) әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Оның октагондағы қимылы мен жеңіске деген жігері, табандылығы мен айла-тәсілдері UFC жанкүйерлерінің көңілінен шығып келеді. Сол арқылы танылды.

Танымалдылығы жөнінен Мейвезер мен Макгрегор алда екені анық. Енді әлемге жар салатын жарнамасы да танымалдылықтарын арттыра түсетіні сөзсіз.

Екінші бір фактор – кәсіпқой бокс пен аралас жекпе-жек шеберлерінің кездесуі. Яғни, көпшіліктің көкейінде «бұл кездесу қалай болар екен? Мейвезер боксшы болғандықтан, екі шайнап, бір жұтар, болмаса тәжірибе мен жастық жалынның айқасында кім айласын асырар екен?» деген секілді сауалдар тұрғаны анық. Ең бастысы – кәсіпқой бокс та, аралас жекпе-жек жанкүйерлері де көз тігері даусыз.

Үшіншіден, жанкүйерлер алдында таңдау тұруы да мүмкін. Себебі аз уақыттың ішінде екі бірдей жекпе-жекке ақша жұмсау оңай емес. Бұл туралы Boxingnews24.com тілшісі Алан Фокс былай дейді: "Флойд пен Конор кездесуі 16 қыркүйек күні өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездесуіне кері әсерін тигізеді. Екі жекпе-жектің арасын үш апта ғана бөліп тұр. Жанкүйерлердің көпшілігі осы уақыт аралығында екеуіне бірдей ақша шығындағысы келмейтіні рас. Яғни, екі жекпе-жектің де билетін немесе PPV көрсетілімін (АҚШ көрермендері үшін ақылы көрсетілім, яғни әр абонент бокс кеші үшін жарна төлеуі тиіс) сатып алуды қалтасы көтермеуі мүмкін. Сондықтан екі кездесудің бірінде қаржы табысы жоспарлағаннан аз түсетін болады. Мейвезер-МакГрегор кездесуінің уақыты бірінші тұрғандықтан бәрі соны сатып алады деп ойлаймын. Екі кездесу арасындағы бәсекелестік басталды", - дейді тілші.

Төртіншіден, Мейвезер-МакГрегор кездесуінің 26 тамызда өтуі Головкин – Альварес жекпе-жегін жарнамалауға кедергісін келтіреді. Бәсекелес болғанмен, алғашқысының мысы басып кетуі мүмкін. Одан өзге екі кездесу де Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді. Спорт кешенінің қабырғасы мен қала көшелеріне бірінші Мейвезер мен МакГрегор кездесуінің жарнамасы ілінеді. Сондықтан да бұл жарнамалар да Головкин – Альварес екінші орынға сырғытуы мүмкін бір фактор.

Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес арасындағы кездесу жылдың үздік жекпе-жегі атануға бірден-бір үміткер еді. Бүгіннен бастап басты бәсекелес болып Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор кездесуі шықты.

Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор жекпе-жегін сарапшылар мен спорт жанкүйерлері асыға күткенмен, мол қаржы үшін ұйымдастырылғалы жатқан шоу кездесу екенін жақсы түсінеді. Себебі бұл кездесуден 636 миллион АҚШ доллары шамасында табыс түсетіні белгілі болып отыр. Ал жекпе-жек үшін әр спортшы 100 миллин доллар көлемінде сыйақы алатын болады. Айта кетейік, Мейвезер – МакГрегор кездесуі 26 тамызда, Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді.

Жарнама

Живи спортом!