Профи-бокс
15 маусым 2017 08:19
 
Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегі Головкин - "Канело" кездесуі болатын спорт кешенінде өтеді

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегі Головкин - "Канело" кездесуі болатын спорт кешенінде өтеді ©BoxingScene.com

Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесу қайта өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Кәсіпқой бокста 12 рет әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшы мен жеңіл салмақта UFC чемпионы арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегас қаласында болады. Жекпе-жек бокс ережесі бойынша өтеді. АҚШ жерінде бұл кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы көрсетеді. 

ESPN арнасының шолушысы Дэн Рафаэль UFC президенті Дана Уайтқа сілтеме жасап, Мейвезер - МакГрегор кездесуі бірінші орта салмақта (154 фунт), Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтетінін жариялады. 

Еске салайық, дәл осы спорт кешенінде 16 қыркүйек күні орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы кездесуде белбеулерін қорғайды. Бұл жекпе-жекті АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді. 

Жарнама

Живи спортом!