Профи-бокс
12 шілде 2017 11:41
 
Мейвезер Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне қатысты өз пікірін айтты

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне қатысты өз пікірін айтты

Бес салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.  

"Канело" мен Головкин жекпе-жегінде жеңіске мықтысы жетсін. Мен "Канеломен" жұдырықтасқанмын, ол кезде мен мықты болдым. Бірақ ол әлі де мықты және жылдам. Қазір ол үшін Головкинмен жұдырықтасатын уақыт па нақ айта алмаймын. Айтарым кім мықты сол жеңеді", - дейді Мейвезер Fighthype.com сайтына берген сұхбатында. 

Бұл Флойдтың осы жекпе-жек пен Головкин туралы айтқан алғашқы сөздері емес. Осы уақытқа дейін ол Головкин қарсыластарын таңдайды деп сынап, "Канелоның" жеңісіне сенімді болып келген. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастың (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Ал Мейвезер-МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегасқа орта салмақта бокс ережесі бойынша өтеді.Бұл кездесудің ең арзан деген билеттері 2 200 доллар, ең қымбат билеттері - 70 879 доллар тұрады.

Жарнама

Живи спортом!