Профи-бокс
3 қараша 2019 10:08

Мейірім Нұрсұлтанов WBC ұсынған титулды жеңді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундтық кездесуде орта салмақта WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атағы үщін қазақстандық боксшы мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Осылайша, 26 жастағы Нұрсұлтанов 13 кездесуде 13-ші жеңісіне қол жеткізді, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. 27 жастағы мексикалық болса, спорттық мансабында алтыншы рет жеңіліп отыр. Ол бұрындары 16 кездесуде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтіп жатқан бокс кешінің басты кездесуінде Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес кездеседі.