Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшыға қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті
Мейірім Нұрсұлтанов. ©Miguel Salazar
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Vesti.kz порталының тілшісіне Алехандро Торреспен (9-4-2, 4 КО) өткен кездесуі туралы айтып берді.
24 жастағы Нұрсұлтанов пен Торрес арасындағы кездесу 3-наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде ресейлік Сергей Ковалев пен (31-2-1, 27 КО) Игорь Михалкин (21-1, 9 КО) арасындағы өткен бокс кешінде өтті. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
- Бір жағынан алты раунд бойы жұдырықтасқан мен үшін де пайдалы. Әрине, көпшіліктің нокаут күтетіні анық. Бірақ бокста үнемі сен ойлағандай бола бермейді. Қарсыласым мықты болды. Соққы көтере алады екен, - дейді Нұрсұлтанов.
- Алтыншы раунд жекпе-жектің шешуші раундынды болды. Бұл раундта бапкерлеріңіз қосымша мәлімет берді ме сізге?
- Алтыншы раудтың басқа раундтардан айырмашылығы болмады. Мен қашықтықтан жұмыс істедім. Қарсыласым болса бос соққыларды көп жасады. Бірақ басы мықты екен. Маған бапкерлерім бүйірден ұру туралы кеңес айтты. Ол үшін мен жақындау керек едім. Мен оған жандай бастаған сәтті, ол құлаштап ұра бастады. Осы соққылардан сақтанып, мен оның басынан соққы жасай бердім.
Үшінші және төртінші раундтарда мен қарсыласыма дәл соққыларды дарыттым. Бірақ нокаутқа түсіре алмадым. Бесінші раундтан кейін оны дәрігер тексерді. Мен жекпе-жек кезінде міндетті түрде қарсыласымды нокаутқа түсіру деген мақсат қоймаймын. Бұл бокс. Сондықтан қарсыластан кез-келген нәрсені күтуге болады.
- Жекпе-жектен кейін бапкеріңіз не айтты? Жалпы көңіл-күй қандай болды?
- Көңіл-күй жақсы. Жекпе-жекте қателіктер болды. Әлі де талай жұмыс істеу керек. Қазір бір апта үзіліс болады. Содан соң қателіктеріммен жұмыс істеймін. Пікір көп айтылады. Бірақ шаршы алаңда мен жұдырықтасамын ғой.
- Келесі кездесуіңіз туралы жаңалық бар ма?
- Жоқ. Менің ойымша, жуық арада бұл сұрақтың жауабы белгілі болып қалады.
- Мейірім, сіз соңғы кездесуіңізді мексикалық боксшымен өткіздіңіз. Оның алдында америкалық Эрик Мунмен кездестіңіз. Соңғы кездесуде алты раунд, оған дейін екі раунд жұдырықтасқан едіңіз. Қай қарсыласыңыз мықты болды?
- Мун мықтырақ болды. Оның көрсеткіші де жақсы - жеті рет жеңіп, мүлде жеңілмеген боксшы. Мексикалық боксшылар да әр-түрлі болады ғой. Бұған дейін де мен мексикалықтармен жұдырықтасқанмын. Бірақ Торрес шамалы белсенді қимылдайтын боксшы екен. Соққыны жақсы қабылдай аладым. Шыдамды боксшы.
Бұл менің карьерамдағы жақсы тәжірибелердің бірі. Мен өз қателіктерімді көрдім. Қарсыласым көрсетіп берді. Енді мен жуық арада қалай жұмыс істейтінімді білемін.

Жарнама