Мейірім Нұрсұлтанов Madison Square Garden спорт кешенінде өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне 25 қараш күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде америкалық Эрик Мунмен (7-0, 6 КО) өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді.
- Дайындық жоспар бойынша жақсы өтіп жатыр. Жекпе-жекке аз қалды, - дейді Нұрсұлтанов.
- Қарсыласыңыз туралы айтып берсеңіз ...
- Қарсыласым қарымды боксшы. Көрсеткіші де жаман емес. Әуесқой бокстағы көрсеткіші де жаман емес.
- Ол бұған дейін ауыр салмақта өнер көрсеткен екен. Алдағы кездесуде оны қалай жеңемін деп отырсыз ...
- Мен оның ауыр салмақта өнер көрсеткенін білемін. Мунды жылдамдық арқылы жеңуге болады. Жекпе-жек кезінде техникаға жұмыс істеп, жылдам болу керек.
- Кездесу әлемдегі ең керемет спорт кешендердің бірінде өтеді. Жалпы көңіл күйіңіз қалай?
- Көңіл күйім керемет. Иә, мен бірінші рет Нью-Йорк қаласында жұдырықтасамын. Қазір дайындықтың соңғы кезеңі, спаррингтер өтіп жатыр. Жылдамдыққа жұмыс істеп жатырмыз.
Еске салайық, 24 жастағы Мейірім нұрсұлтанов келесі кездесуін 25 қараша күні Madison Square Garden спорт кешенінде өтетін Сергей Ковалев 30-2-1, 26 КО) пен Вячеслав Шабранский 19-1, 16 КО) арасында өтетін бокс кешінде өткізеді.
Осы уақытқа дейін Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін ол 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, бразилиялық Исмаэль Буэноны (15-7, 10 КО) 50 секундта жеңді.

Жарнама