Профи-бокс
14 шілде 2017 14:00
 
Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

  Пікірлер

blog.share

Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (2-0-0, 1 КО) пен америкалық боксшы Лэнни Дардар (5-7-2, 3 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Кездесу 14 шілде күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Оскар Де Ла Хойя ұйымдастыратын бокс кеші барысында өтеді. Осыған байланысты бүгін екі боксшы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. 

"Менің салмағым 161,6 фунтты көрсетті. Ал қарсыласы 160,6 фунт болды", - дейді Нұрсұлтанов. 

Еске салайық, 23 жастағы қазақстандық боксшы соңғы кездесуін Хавьер Ольвераға қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті. Ал 30 жастағы Дардар бұған дейін жартылай ауыр салмақта өнер көрсетіп, отандасы Малкольм Джонстан айласын асырды. 

Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Боксшылар шаршы алаңға екінші жұпта шығады. 

Жарнама

Живи спортом!