Профи-бокс
21 шілде 2017 16:44
 
Мен ол ешкімен 75 доллар үшін де жұдырықтасамын - Монроның Сондерс туралы айтқаны

  Пікірлер

blog.share

Мен ол ешкімен 75 доллар үшін де жұдырықтасамын - Монроның Сондерс туралы айтқаны © Vesti.kz

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық боксшы Вилли Монро WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерстің атағын тартып алатынына сенімді. Боксшы ниетін білдіруге қатты сөздерді қолданудан да тайсалмай отыр. 

Баспасөз мәслихаты кезінде Сондерс қарсыласын қорқақ және бойкүйез деп атады. Сондықтан психологиялық тұрғыда басым екенін айтты. Осыдан кейін көпшілік Сондерс америкалық қарсыласын мұқатып тастады деген ойда болды. Ал америкалық боксшы бұл сөздерге жауап ретінде Сондерсті мүмкіндік туа салысымен британдықты қуып жүріп сабайтынын айтты. 

"Ол мені психологиялық тұрғыда мұқатып тастады деп ойлайтындар - қателеседі. Оның треш-токингі мені қайрап отыр. Мен жанып барамын. Біз басқаша сыңай танытып, мен қарапайым мінез көрсетер едім. Бірақ ол қатты айтып жіберді. Ендеше басқаша сөйлесетін кез жеткенін сияқты. 

Мені мұқатам деп қателесті. Енді ол менің кері жағымды көреді. Мен басынан-ақ оны сабайтынымды айтқанмын. Біз бірнеше рет жұдырықтаспақ болдық, бірақ, ол үнемі бас тартатын. Мен ол ешкімен 75 доллар үшін де жұдырықтасар едім. 

Менің жыныма тиді. Жалпы мен дұрыс жігітпін. Бірақ бастаған өзі. Мен кері жағымды көрсеткен кезде жігіттер жарақат алып, дағдарып, жылай бастайды... Мен сабаймын", -деп келтірді Монроның сөзін BoxNation.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Монро және Сондерс WBO белбеуі үшін Лондонда жекпе-жек өткізеді. Бұл кеш Лас-Вегаста болатын Головкин-Альварес жекпе-жегімен қатар өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!