Профи-бокс
21 сәуір 2017 01:35
 
Мен Дортикосқа қарсы жекпе-жекке ұзақ дайылдым, бірақ дәрігерлер рұқсат бермеді - Шүменов

  Пікірлер

blog.share

Мен Дортикосқа қарсы жекпе-жекке ұзақ дайылдым, бірақ дәрігерлер рұқсат бермеді - Шүменов © instagram.com/beibutshumenov

Бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовжеңіліп көрмеген кубалық боксшы Юниер Дортикоспен өтетін жекпе-жектен жарақат алуына байланысты бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда спортшыға Лас-Вегас қаласында жедел ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша ол тек 30-40 күннен кейін ғана жазылады екен. Ота жасалғаннан кейін оны ауруханадан шығарған, ол үйінде ем алып жатыр.

"Құрметті жанкүйерлер! Сіздер сияқты, мен де 29 сәуірдегі жекпе-жегімді қатты күттім. Барымды салып дайындалдым. 390 раундтық спаррингтен өттім. Қарсыласымды нокаутпен ұтуға дайын болдым. Кезекті жаттығуымда ойламаған жерден көзіме жарақат алып қалдым. Жаттығудағы қарсыласымның қолы көзімнің қарашығын сырып кетті. Дәрігерлер шұғыл операция жасамасақ, көру қабілетіңнен айырыласың деді. Операция жасаттым. Сәтті өтті. Енді 30 күн бойы ем қабылдауым керек. Осылайша жекпе-жегім кейінге қалып отыр. Амандығымды тілеп, уайымдап отырған жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Біз бірге жеңіске жетеміз!", - деп жазды Шүменов Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Шүменов-Дортикос арасындағы жекпе-жек сәуірдің Лас-Вегас қаласында өтуі керек болған. KazSport арнасы осы кездесуді тікелей эфирден көрсетуді жоспарлаған.

Жарнама

Живи спортом!