Украиналық боксшы Сергей Деревянченко жекпе-жек алдындағ бірінші баспасөз мәслихатында қазақстандық Геннадий Головкин қорқыныш бар деп өтірік айтқан деген ойда, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен дайынмын. Ертең Калифорнияға аттанып, жаттығу лагерін бастаймын. Головкин қорқып қалды ма? Меніңше, ол алдап отыр. Негізінде ол менен қорықпайды. Ол осы ойынды жақсы біледі: "Мен сенен қорқамын" және сол сияқты. Менің ойымша ол менен қорықпайды. Бұл ойын секілді; "Ой, мен сенен қорқамын". Менің ойымша ол менен қорықпайды, мен одан қорықпаймын.
5 қазанда шаршы алаңға шығуға дайынмын және өзімнің кім екенімді көрсетемін. Джейкобсқа қарсы өткен кездесуде жақсы тәжірибе алдым. Енді мен тәжірибелімін", - деді Деревянченко.
Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Олар орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Боксшылардың қанша гонорар алатыны және андеркартта кімдер өнер көрсететіні белгілі болды.