Профи-бокс
6 мамыр 2018 12:01
 
Мартиросянды жеңген Головкин қазақстандықтарға рақмет айтты

  Пікірлер

blog.share

Мартиросянды жеңген Головкин қазақстандықтарға рақмет айтты HBO Boxing

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин шыққан тегі армениялық, бірақ АҚШ намысын қорғайтын Ванес Мартиросянды жеңгеннен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Қолдауларыңыз үшін барлықтарыңызға рақмет", - деп жазды Головкин өзінің Instagram парақшасына. Жазбаның астына ағылшын және испан тілдерінде #AllTheBelts (барлық белбеулер) деп хэштег қалдырды. 

Сонымен қатар Головкин киім ауыстыратын бөлмеде Мартиросянмен бірге түскен суретін де салды.

"Боксты құрметтеңіздер", - деп жазды Головкин ағылшын тілінде. 

Respect boxing

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

Еске салайық, Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өткен кездесу екінші раундта Головкиннің пайдасына аяқталды.

Бүгінгі кездесуде Мартиросянның карьерасындағы төртінші рет жеңілді.  Ал нокауьқа шыққан тегі арменялық боксшы бірінші рет түсті. Бұған дейін ол үш рет төрешілердің шешімі бойынша жеңілген болатын.

Головкин болса кәсіпқой бокстағы 39 кездесуін өткізіп, 38 жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз 34 кездесуде қарсыластарын нокаутпен жеңген.

Жарнама

Живи спортом!