Маман Кособуцкийдің кәсіпқойдағы келесі қарсыласы кім болатынын мәлімдеді
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен осы салмақта Германияның ең үздік боксшысы Агит Кабайел (22-0, 14 КО) арасындағы айқас жуырда болады. Мұндай пікірді неміс маманы Лейф Хансман айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен осы салмақта Германияның ең үздік боксшысы Агит Кабайел (22-0, 14 КО) арасындағы айқас жуырда болады. Мұндай пікірді неміс маманы Лейф Хансман айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Кабайел - Германияда аса танымал боксшы. Кособуцкий секілді. Екеуі де WBC рейтингінде үздік 15 боксшының қатарында бар. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпиондық белбеуге жақындай түседі. Менің ойымша, олар тең дейгейлі боксшылар. Бірақ қазақстандықтың күші шамалы көп. Ол қарсыласын нокаутқа жіберуі мүмкін. Қалай болса да, жеңіске жеткен боксшыны жарқын болашақ күтіп тұр. Маған жеткен ақпарат бойынша, бұл кездесу жыл соңына дейін болуы керек", - деді Хансман.
Ал Инсайдерлердің ақпараты бойынша, Кособуцкий мен Кабайел арасындағы жекпе-жек күзде өтеді.
Айта кетейік, 29 жастағы Кабайел Ливеркузен қаласының тумасы. Ол кәсіпқой боксқа 2011 жылы ауысқан. 11 шілдің ішінде Агит 22 кездесу өткізіп, 14-інде нокаутпен жеңіске жеткен Кабайел өз салмағында Германияда танымал боксшы.
Соңғы мәрте ол мамыр айында шаршы алаңға шығып, чехиялық Павел Соураны (15-9, 10 КО) нокаутпен жеңді. Кособуцкий болса соңғы мәрте 22 мамыр күні Гамбург (Германия) қаласында жұдырықтасып, франциялық Йохан Дюопаны (39-7, 26 КО) айқын басымдықпен жеңді. Осы кездесуде қазақстандық боксшы WBC International белбеуін ұтып алды.
Жарнама