Маман Ербосынұлы мен Моррел айқасында кім фоварит екенін айтты
ENH Deportes порталының редакторы Хорхе Эбро қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) екінші орта салмақта WBA World белбеуінің иегері кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы айқастан не күтетінін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында маман бұл жекпе-жектің екі боксшы үшін қаншалықты маңызды болатынын мәлімдеді.

Бұл айқас 5 қараша күні Миннеаполис (АҚШ) қаласында өтеді.
"Давид Моррел әуесқойда Қазақстан боксшыларымен кездескен. Сондықтан кубалық боксшы қарсыласының стилін жақсы біледі. Миннеаполисте Моррелге қарсы ешкім төрт раундта шыдамаған. Қазақстандық бұл межені бағындырады деп ойлаймын.
Бұл кездесудегі жеңіс Моррелдің қаншалықты мықты екенін көрсетеді. Оның осыған дейінгі қарсыластары қатты мықты болған жоқ. Егер осы айқаста ол жеңсе, алда өзі қарсылас таңдайтындай дәрежеге жетеді. Менің ойымша, бұл кездесуде Моррел фоварит. Дегенмен де оның қарсыласы тосын сый жасауы мүмкін. Сондықтан да бізді тартысты кездесу күтіп тұр", - деді Эбро.
Жарнама