Профи-бокс
12 шілде 2017 10:35
 
МакГрегор төртінші раундта Мейвезерді нокаутқа түсіретінін айтты

  Пікірлер

blog.share

МакГрегор төртінші раундта Мейвезерді нокаутқа түсіретінін айтты © boxingscene.com

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор баспасөз мәслихаты кезінде бес салмақ дәрежесінде бокстан әлем чемпионы болған Флойд Мейвезерді төрт раундта нокаутқа түсіретінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біреудің мансабындағы нөл жоғалу керек. Оның уақыты бітті. Мен оны төрт раундта нокаутқа түсіремін. Менің айтқанымды ұмытпаңыздар. Оның аяқтары кішкентай, денесі кішкентай, басы да сондай. Мен одан қорықпаймын. Ережелік шектеулер болғандықтан бұл нағыз жекпе-жек болмайды. Егер бұл толық жекпе-жек болса, ол бір раунд та шыдамас еді", - деп келтіреді МакГрегордың айтқанын boxingscene.com.

Мұның алдында Лос-Анджелесте МакГрегор мен Мейвезердің алғашқы біріккен баспасөз мәслихаты өткен болатын. Ол жерде қарсыластар алғаш рет бетпе-бет келді. Мейвезердің сөзінше, бұл жекпе-жек немен аяқталарына қарамастан соңғы  болады.

Жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегаста болады және бокс ережелері бойынша алғашқы орта салмақта өтеді.

Жарнама

Живи спортом!