Кәсіпқой бокс
4 желтоқсан 2017 13:47
 
Маған Ригондоның жұдырықтасу мәнері ұнамайды - Василий Ломаченко

  Пікірлер

blog.share

Маған Ригондоның жұдырықтасу мәнері ұнамайды - Василий Ломаченко

Желтоқсанның 9-ы күні Нью-Йоркте жылдың басты жекпе-жектерінің бірі өтеді. Шаршы алаңға украиналық Василий Ломаченко мен Гильермо Ригондо шығады.

Осы күнге дейін Одессада жаттығу жасап келген Ломаченко бүгін АҚШ-қа аттанды. Нью-Йоркке кетерінде боксшы украиналық журналистерге сұхбат беріп, дайындығымен бөлісті.

"Менің жұдырықтасу мәнерім Ригондоныкіне ұқсамайды. Мен қорғанып, қарымта шабуылдаудан бөлек, комбинациялық соққылар жасай аламын. Қорғана жүріп, қарсыласты қысып ұстаймын. Ал Ригондоның белсенді шабуылын ешқашан көрген емеспін. Дегенмен, алдағы айқасқа қандай тактика ұстанып шығарын білмеймін. Оның бұрынғы айқастарын көргенмін. Соққылары біркелкі, шаршы алаңдағы қозғалысы да солай. Екеуміздің жекпе-жегіміз қиын немесе оңай болады деп айта алмаймын. Бірақ маған оның жұдырықтасу мәнері ұнамайды. Рас, қорғанысы мықты. Оны мойындаймын. Алайда, мұнысымен мені таңғалдыра алмайды. Мен оның комбинациялық шабуылдарын көргім келеді. Жалпы, бұл жекпе-жек мен үшін қатардағы көп кездесулердің бірі. Тек жанкүйерлер сұрағаны үшін ғана Ригондомен шаршы алаңға шықпақпын. Егер жанкүйерлерге қызық болса, мен үшін де солай. Ешқашан ақша үшін айқаспаппын", – деді Василий Ломаченко.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жек Ломаченко үшін кәсіпқой бокстағы 10-шы айқас болмақ. Бұған дейінгі 9 кездесуінің сегізінде жеңіске жетіп, жетеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген. Біреуінде ғана жеңіліп қалған. Ал кубалық Гильермо Ригондо 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, соның 11-інде қарсыласын құлатқан.

Жарнама

Живи спортом!