Профи-бокс
26 маусым 2017 17:45
 
Левит пен Аманқұл "Астана арландары" сапында WSB жобасының финалында өнер көрсетеді

  Пікірлер

blog.share

2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит пен 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Әбілхан Аманқұл "Астана арландары" сапында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалында өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Финалдық кездесуде "Астана арландары" құрамын Әбілхан Аманқұл мен Василий Левит күшейтеді. Сондай-ақ Қамшыбек Қоңқабаев та кубалық боксшыларға қарсы жұдырықтастады", - дейді бұл мәселеге байланысты бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов. 

Қазір бұл үш боксшы да Қазақстан құрамасымен бірге Түркия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. 29 жастағы Левит WSB жобасында 2015 жылы өнер көрсеткен. 

19 жастағы Аманқұл болса ересектер арасындағы алғашқы қадамын жасап жүрген боксшыларымыздың бірі. Бірақ қазірдің өзінде ауыз толтырып айтатын табыстарға жетті. Ол өткен жылғы Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар Ташкентте өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

25 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев болса 2014 жылы әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы. Азия чемпионатында ол күміс жүлде олжалады. 

Еске салайық, WSB жобасының жетінші маусымының финалы 15 шілде күні Астана қаласында өтеді. Финалда елордалық "Астана арландары" мен кубалық "Куба қабыландары" кездеседі. 

Жарнама

Живи спортом!