Профи-бокс
9 қазан 2017 10:31
 
Лемье мен Котто өзара кездесу өткізбейтін болды

  Пікірлер

blog.share

Лемье мен Котто өзара кездесу өткізбейтін болды Golden Boy©

Бірінші орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері 36 жастағы пуэрторикалық Мигель Котто (41-5, 33 КО) кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемьеге (38-3, 33 KOs) қарсы өткізбейтін болды. Бұл туралы Boxingnews24.com порталы хабарлайды. 

Екі боксшы өздерінің келесі кездесулерін 2 желтоқсан күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде өткізеді. Бокс кешін НВО арнасы ақылы түрде көрсетеді. 

Бұл кездесуде Лемьенің қарсыласы америкалық боксшылары кіші Хьюго Сентено (26-1, 14 KO) немесе Джеймс Киркланд (32-2, 28 KO) болуы ықтимал. 

Айта кетейік, бұған Лемье 2 желтоқсан күні пуэрторикалық Мигель Коттомен кездесуі мүмкін деген мәлімет шыққан еді. Бірақ бұл ақпарат расталмады. Котто карьерасындағы соңғы жекпе-жегінде америкалық Садам Алига қарсы шығатын болды. Ол кәсіпқой бокста 25 кездесу өткізіп, оның тек біреуінде жеңіліп қалған. 

Жарнама

Живи спортом!