Леффлер Головкинмен келісімді бұзу туралы мәлімдеме жасады
Промоутер Том Леффлер Twitter-дегі парақшасында БАҚ-та тарап жатқан қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен серіктестігінің тоқтатылғаны жайлы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Промоутер Том Леффлер Twitter-дегі парақшасында БАҚ-та тарап жатқан қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен серіктестігінің тоқтатылғаны жайлы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Желтоқсан айының ортасында GGG мен Леффлер арасындағы серіктестік 7 жылғы мерзімнен кейін аяқталуы мүмкін екенін Los Angeles Times жазған болатын. 3 қаңтарда ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль екі жақтың бірлесіп жұмыс істеуі тоқталғанын айтқан. Екі күн өткеннен кейін USA Today-ден оның әріптесі Марк Ортега осы ақпаратты растады. Серіктестіктің бұзылғаны жайлы тағы бір жағдай меңзеді, ол промоутердің жаңа телесеріктестің келіссөзінде болмағаны делінді.
Том Леффлер. © instagram/tomloeffler1
Осыған қатысты Леффлер журналистерге өзінің жауабын айтты. "Дэн, бүгін Геннадий маған айтты, "сары" баспасөзге ол жайлы немесе карьера жайлы өзінің тікелей дәйексөзінсіз еш нәрсе айтудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда сіздің жазғаныңызды басқа адамдар пайдаланып, оны жалған ақпаратпен толықтырады", - деп жазды ол 8 қаңтарда.
Dan, @GGGBoxing told me today that this is yellow journalism and not to say anything about him or his career without a direct quote from him or myself. Highly irresponsible to write something like this, people now using your tweet to write full articles based on false information https://t.co/ZfU6OYivd2
— Tom Loeffler (@TomLoeffler1) 7 января 2019 г.
Промоутерден басқа да баспасөздер сөз естіді.
"Майк, Головкин карьера жайлы өтірік ақпарат берулеріңді доғарыңдар да бізден жаңалық күтіңдер. Өтінемін, GGG-дің жеке өмірін әлеуметтік желілерде қозғамаңдар, ол жеке өмірі мен боксты бөліп қойған. Оған құрметпен қараңдар және бізден ресми ақпарат күтіңдер", - деді Леффлер.
Mike, stop your speculation on @GGGBoxing career and wait for some #news. Please don’t reference GGG personal life on social media, he keeps his family and boxing life completely separate. Show him some #respect and wait until when we have something official to announce https://t.co/0IKYEKZPmP
— Tom Loeffler (@TomLoeffler1) 7 января 2019 г.
"Марк, сендер басқа баспасөз сияқты жалған ақпаратты таратып жатырсыңдар (...). Ақпаратты таратпас бұрын жақсылып тексеріңдер немесе бізге қоңырау шалыңдар. Уорд промоутермен келісімшартты бұзамын деп үш рет жеңіліс тапты", - деді промоутер.
Mark, You are posting the same false information as other “media”. Monkey see Monkey do. Check your #facts before posting or just call me. Ward lost 3 times when trying to break his contract with his promoter. @ceegoose @TGBpromotions will be happy to remind you #boxing https://t.co/x4rjrYI8yJ
— Tom Loeffler (@TomLoeffler1) 7 января 2019 г.
Қазіргі уақытта Генадий Головкин бос агент. 2012 жылдан бері ол HBO телеарнасында көрсетіліп жүрді, бірақ келесі жылдан бастап олар боксты көрсетуден бас тартқан.
Жарнама