Профи-бокс
10 шілде 2017 10:44
 

Том Леффлер Головкин-Альварес жекпе-жегінің несімен қызық болатынын ашып айтты

  Пікірлер

blog.share

Том Леффлер Головкин-Альварес жекпе-жегінің несімен қызық болатынын ашып айтты Том Леффлер. © ucnlive.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер қыркүйекке белгіленген Головкин-Альварес жекпе-жегінің несімен тартымды екенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жекпе-жекте бастапқы раундтарда нокаут болып жатса таңғалмаймын, бірақ кездесу 12 раундқа созылса да тосынсый болмасы анық. Абель Санчес те жекпе-жектің 12 раундқа созылуы мүмкін екенін айтады. "Канело" шыдамды әрі жылдам. Чавеспен кездесуінде ол өзін көрсетті. Ол кезде бұрынғыға қарағанда тоғыз фунт ауыр болды. Ол үшін бұл үлкен серпіліс. Әрине, Чавес өзін көрсете алмады, бірақ ол үлкен жігіт әрі өз таланты бар. 160 фунтта Альварес нағыз бабында болады, ал Головкин осы жекпе-жекке ынталы. Осы жағдайлар жекпе-жекті қыздыра түседі", - деп жазады Boxingnews24.com сайты Лефлердің сөзін.

Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

blog.share
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер қыркүйекке белгіленген Головкин-Альварес жекпе-жегінің несімен тартымды екенін айтып берді, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


"Бұл жекпе-жекте бастапқы раундтарда нокаут болып жатса таңғалмаймын, бірақ кездесу 12 раундқа созылса да тосынсый болмасы анық.
Абель Санчес те жекпе-жектің 12 раундқа созылуы мүмкін екенін айтады.
"Канело" шыдамды әрі жылдам.
Чавеспен кездесуінде ол өзін көрсетті.
Ол кезде бұрынғыға қарағанда тоғыз фунт ауыр болды.
Ол үшін бұл үлкен серпіліс.
Әрине, Чавес өзін көрсете алмады, бірақ ол үлкен жігіт әрі өз таланты бар.
160 фунтта Альварес нағыз бабында болады, ал Головкин осы жекпе-жекке ынталы.
Осы жағдайлар жекпе-жекті қыздыра түседі", - деп жазады Boxingnews24.
com сайты Лефлердің сөзін.


Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.


Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды.
Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама

Живи спортом!