Профи-бокс
23 қаңтар 2017 12:53
 
Қыркүйекте GGG-Чавес немесе "Канело"-Джейкобс кездесуін көруіміз мүмкін - Абель Санчес

  Пікірлер

blog.share

Қыркүйекте GGG-Чавес немесе "Канело"-Джейкобс кездесуін көруіміз мүмкін - Абель Санчес ©Sky Sports

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) қыркүйекте өтеді делінген жекпе-жекке қатысты болжам жасаудың қажеті жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, екі боксшыны алда қиын жекпе-жектер күтіп тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин Нью-Йоркте 18 наурызда чемпиондық атақтарын қорғайды. Оның қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс. Альварес болса мамырда отандасы Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады. HBO телеарнасы екі жекпе-жекті де ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді (PPV).

"Головкин-Джейкобс сияқты деңгейдегі жекпе-жектердің нәтижесі әрқалай болуы мүмкін деп есептейтін адамдардың бірімін, "Канело"-Чавес жекпе-жегіде осындай. Бір соққы барлығын да өзгертуі мүмкін, бірақ Головкин бұған жол бермеуге дайындалып жатыр.

Қазіргі уақытта "Канело" мен Головкиннің арасында болуы мүмкін деген жекпе-жек жайлы айтылып жатыр, Головкин Чавеспен кездеседі дейді, ал "Канело" Джейкобспен кездеседі дейді. Бұл жекпе-жектерде барлығы да болуы мүмкін. Олар боксшылардың өмірін өзгерте алады, себебі олар ұзақ уақыт күткен мүмкіндікті алып отыр", - деп келтіреді Санчестің сөзін BoxingScene.com.

Жарнама

Живи спортом!