Әуесқой бокста Кубаның ең мықты боксшыларының бірі елінен қашып кетті, деп жазады BoxeoCubano порталы. Ол енді кәсіпқой бокста өнер көрсетеді.
Крус кәсіпқой бокста жеңіл немесе супер жеңіл салмақта өнер көрсетуі мүмкін.
"Ресми, Энди Кубада жоқ. Ол қазіргі уақытта басқа елде. Сол ел арқылы АҚШ-қа барып, арманын орындайды"-, деп жазады басылым.
Айта кетейік, Крус әуесқой бокстағы Кубаның ең мықты боксшыларының бірі. Ол бірнеше мәрте қазақ боксшыларымен кездескен. Мысалы, ол 2019 жылғы әлем біріншілігінің 1/8 финалында Зәкір Сафиуллинді жеңген. Крус әуесқой бокста 2020 жылғы Олимпиаданың чемпионы атанған. Сонымен қатар, ол әлем біріншілігінде үш рет топ жарған.