Профи-бокс
18 мамыр 2017 13:19
 
Ковалев - Уорд кездесуі жылдың үздік жекпе-жегі атанды

  Пікірлер

blog.share

Ковалев - Уорд кездесуі жылдың үздік жекпе-жегі атанды ©Forbes

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уорд арасындағы кездесуді жылдың үздік жекпе-жегі деп таныды. Бұл туралы "Р-Спорт" басылымы федеарциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ковалев пен Уорд арасындағы кездесу 2016 жылдың қараша айында Лас-Вегаста өткен еді. 12 раундтың қортындысы бойынша ресейлік боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліп, жартылай ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO және IBF чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды.

"Ковалев - Уорде кездесуі IBF нұсқасы бойынша жылдың үздік жекпе-жегі атанды", - делінген IBF баспасөз қызметі. 

Сәуір айының басында ресейлік боксшының промоутері Кэти Дува екі боксшының командасы екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгеннін айтқан еді. Жекпе-жек 17 маусым күні Лас-Вегаста өтеді. 

Бұған дейін IBF WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) Джерси Джо Уолкотт атындағы IBF сыйы табысталады. Марапаттау рәсімі Флорида штатындағы Сент-Питерсберг қаласында мамырдың 21 мен 25 аралығы өтетін 34-ші жыл сайынғы Конвенциясы кезінде табыс етіледі. 

Жарнама

Живи спортом!