Профи-бокс
27 қараша 2017 11:48
 
Келл Брук келесі кездесуін алдағы жылдың көктемінде өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Келл Брук келесі кездесуін алдағы жылдың көктемінде өткізеді

Жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Келл Брук (36-2, 25 КО) келесі кездесуін бірінші орта салмақта өткізеді. Бұл туралы Sky Sports порталы хабарлайды. 

2016 жылдың қыркүйек айында Брук орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иерегрі қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескен. Ол жекпе-жек Лондон қаласында өтіп, GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы кездесуде Брук көзін жарақаттап алған еді.

Ал өзінің соңғы кездесуін Брук америкалық Эррол Спенске (27 мамыр) қарсы өткізіп, 11 раундта нокаутпен жеңіліс тапты. Бұл кездесуде британдық боксшы тағы да көзін жарақаттап алды. Осы кездесуден кейін Брук біржолата бокстан кетемін дегенді айтты. Бірақ кейін ол командасымен ақылдасып, карьерасын жалғастыратын болды

Келл жаңа бірінші орта салмақтағы өзінің келесі кездесуін 2017 жылдың соңында өткізуге тиіс болатын. Бірақ британдық боксшының промоутері Эдди Хирн Брук келесі кездесуін 2018 жылдың көктемінде өткізетінін айтты. 

"Біз өткен аптада Келлмен кездесіп, сөйлестік. Ол өзінің келесі кездесуін келесі жылдың наурыз айында өткізеді. Жекпе-жек Шеффилд қаласында өтеді. Кездесу бірінші орта салмақта өтеді. Қарсылас әлі белгісіз. Бірақ бірінші орта салмақтағы мықты боксшылардың бірі болады. 

Еске салайық, бұған дейін бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қанат Исламның (25-0, 20 КО) командасы Келл Брукпен кездесу өткізуге дайын екенін хабарлаған еді. 

Жарнама

Живи спортом!