Профи-бокс
23 сәуір 2019 17:34
 

Қазақстандық PR-менеджер боксты басқарып отырған промоутерлерді атады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық PR-менеджер боксты басқарып отырған промоутерлерді атады

Соңғы жылдары қазақстандықтар кәсіпқой боксқа қызығушылығы артқаны анық. Ел арасында "Бұл қазақты жексенбіде таңғы 7-де Головкин ғана тұрғызады" дейтін сөздер соның бір дәлелі. 2000 жылдары Балхаш барысы Василий Жиров, "Қазақтан шыққан тұңғыш чемпион" Марат Мәзімбаев, "Пакьяоны нокдаунға түсірген" Серікжан Ешмағамбетов сынды боксшыларды ғана білетінбіз. Алайда олар өнер көрсеткен уақытта ғана тамашалап қана қоятын едік. Бүгінде Қазақстан намысын қорғап жүрген боксшыларымыз беделді промоутерлік компаниялармен келісімшарт жасасып, табысты өнер көрсетіп жүр. 

blog.share

Соңғы жылдары қазақстандықтар кәсіпқой боксқа қызығушылығы артқаны анық. Ел арасында "Бұл қазақты жексенбіде таңғы 7-де Головкин ғана тұрғызады" дейтін сөздер соның бір дәлелі. 2000 жылдары Балхаш барысы Василий Жиров, "Қазақтан шыққан тұңғыш чемпион" Марат Мәзімбаев, "Пакьяоны нокдаунға түсірген" Серікжан Ешмағамбетов сынды боксшыларды ғана білетінбіз. Алайда олар өнер көрсеткен уақытта ғана тамашалап қана қоятын едік. Бүгінде Қазақстан намысын қорғап жүрген боксшыларымыз беделді промоутерлік компаниялармен келісімшарт жасасып, табысты өнер көрсетіп жүр. 

Еуропада, АҚШ пен Канада, Мексика сияқты осы спорт түрі жақсы дамыған елдерде өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой боксшылар саны Boxrec.com сайтының мәліметінше 77-ге жеткен. Бұл тізімде бұрымдыларымыз да бар. 

Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Бобыржан Момынов, Сағадат Рақманқұл, Абылайхан Құсайынов сынды боксшылардың PR-менеджері Уалихан Қосанбай Facebook желісінде промоутерлердің боксқа әсері туралы сараптамалық жазба қалдырған. 

"Кәсіпқой бокстың бизнес екенін бұған дейін де айттық. Енді сол бизнесті дөңгелетіп отырған азаматтар мен компаниялар, яғни промоутерлерді шолып шықсақ, иә? Біраз сайтты ақтардым, біраз ақпарат жинадым. Содан қазіргі кәсіпқой боксты кәсіп қылып отырған ең абыройлы промоутердің тізімін жасадым", - деп жазды Уалихан Қосанбай.

Боб Арум (Top Rank). Осы уақытқа дейін 1500 аса бокс кешін ұйымдастырған. Оның ішінде Майк Тайсон мен Мұxаммед Әлидің де кездесулері бар. Қазір әлем бойынша боксшылары ең көп промоутер.

Оскар Де Ла Хойя (Golden boy). Сауль "Канело" Альваресті сүйреп жүрген азамат. Жылына 70-100 бокс кештерін ұйымдастырады. Бірақ "Канелодан" басқа жұлдызды боксшысы жоқ. Сосын аса ауыр салмақтағы боксшылармен мүлде жұмыс істемейді бұл кісі.

Эдди Хирн (Matchroom Boxing). Кәсіпқой бокстағы ең жас промоутер. Бірақ компаниясы мықты жұмыс істейді. Энтони Джошуа, Гамал Яфай сияқты мықты боксшылары бар. Айтпақшы, біздің Данияр Елеусіновтің промоутері. Британиядағы ең мықты шоуларды жасайды. Ақырындап Американы бағындырып келеді.

Ричард Шефер (Ringstar Sport). Golden boy компаниясының бұрынғы директоры. Қазір өз отауын алып, бөлек шықты. Шамамен 30-40 боксшымен келісімшарты бар.

Фрэнк Уоррен. Бұл кісі аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшылардың жанкүйері. 20 бірдей ауыр салмақтағы боксшылармен келісімшарты бар. Бірақ жылына 10 шақты ғана кездесу ұйымдастырады.

Эл Хэймон. Кәсіпқой бокстағы ең абыройлы азаматтардың бірі. 200 шақты боксшымен шартнамасы бар. Сергей Деревянченконың шаруасын жүргізеді. Жылына 40-60 шоу өткізеді.

Кэти Дува (Main Events). Ең атақты боксшысы Сергей Ковалев. Сондай-ақ біздің Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов секілді боксшылармен жұмыс істейді. Жалпы 50 шақты боксшымен келісімшарты бар. Жылына 10-30 шоу ұйымдастырады.

Лу ДиБелла мен Тони Холден (Fight Promotions). Лудың абырой бұрын мықты болатын. Қазір түсіп қалған. Танымал боксшылары жоқтың қасы. Жылына 10-20 шоу ұйымдастырады.

Фернандо Белтран (Zanfer Promotions). Мексикалық боксшылардың 70 пайызы осы азаматта. Бірақ оның көбісі танымал емес. Тек оппонент болып тұрады. Өзі көп кеш ұйымдастырмайды. Тек басқа промоутердің кешіне боксшыларын қояды.

Флойд Мейвезер (Mayweather Promotions). Баду Джек, Джервонт Дэвис, Роналд Гаврил секілді боксшылардың жекпе-жектерін ұйымдастырады. Ақырын-ақырын өсіп келеді. Болашақта кәсіпқой бокстың біраз бөлігін тірейтін промоутер болатын шығар.

"Сонымен тізім осындай. Мұнда негізі Том Леффлерді де қосуға болады. Бірақ ол соңғы кездері нашарлау жұмыс істеп жатыр", - деп қорытындылады PR-менеджер. 

Айта кетейік, осы тізімнің басындағы үш промоутермен қазақстандық боксшылар келісімшарт жасасқан. 

Жарнама

Живи спортом!