Профи-бокс
23 қараша 2017 13:09
 
Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді © vk.com/kazproboxing

Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев екі апта ішінде төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобында жарияланды. 

Тұрсынғалиев Мексикада өткен бокс кешінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Алайда қарсыласының есімі жарияланбаған. 

23 жастағы Тұрсынғалиев 10 қарашада бірінші рет кәсіпқой шаршы алаңға шықты. Төрт күн өткен соң ол тағы да рингке шықты. Үшінші жекпе-жегі 16 қарашада өткізді. 

Тұрсынғалиевтің барлық жекпе-жегі Мексикада өтті. Бірінші және екінші жекпе-жекті ол мерзімінен бұрын аяқтады, ал үшіншісінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Айта кетейік, BoxRec сайтында Тұрсынғалиевтің профилінде тек бір ғана (16 қараша) жекпе-жек жазылып тұр. 

Жарнама

Живи спортом!