Профи-бокс
29 қыркүйек 2018 13:00
 
Қазақстандық боксшы АҚШ-та сегізінші жеңісіне қол жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы АҚШ-та сегізінші жеңісіне қол жеткізді Мұса Тұрсынғалиев. © Univision Deportes

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев колумбиялық Дейви Хулио Бассаның жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі АҚШ-тың Флорида қаласындағы Hard Rock Hotel & Casino кешенінде өткен бокс кеші аясында болды. Кездесу алты раундтан тұрды, соның нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті. 

BoxingScene басылымы Тұрсынғалиев - Басса жекпе-жегінің он раундтан тұратыны туралы хабарлаған еді, боксшылар WBA International белбеуіне таласуы тиіс еді. Алайда боксшылар алты раунд қана жұдырықтасып, белбеуге таласу мүмкіндігі берілмеді. 

24 жастағы Тұрсынғалиев жеңілменген боксшы атаған сақтап қалды - сегіз рет жеңіске жеткен ол алты кездесуін мерзімінен бұрын аяқатды. Ал 37 жастағы оның қарсыласы 20 рет жеңіске жеткен (12 нокаут) және спорттық мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады. 

Тұрсынғалиев кәсіпқой бокста 2017 жылы қарашадан бері өнер көрсетіп келеді. Ол 29 күнде Мексикада сегіз кездесу өткізіп, жергілікті тұрғындарды таңғалдырған еді. Алайда BoxRec ұйымы базаға оның тек 19 күнде өткізген алты жекпе-жегін есепке алды. 2018 жылы қазақстандық боксшы шаршы алаңға екі рет шықты - екеуі де АҚШ-та өтті. 

Тұрсынғалиев бірінші титулын наурызда жеңіп алды. Қазақстандық боксшы доминикалық Луис Хионжосамен (31-15, 16 КО) жұдырықтасып, WBA-NABA тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атанды. 

Жарнама

Живи спортом!