Профи-бокс
21 тамыз 2022 12:05

Қазақстан тумасы АҚШ-та өткен жекпе-жек кешінің басты айқасында жеңді

©witter.com/badlefthook

Жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Липинец (17-2-1, 13 KO) Голливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында Showtime телеарнасы ұйымдастырған жекпе-жек кешінің басты айқасында америкалық Омар Фигероаны (28-3-1, 19 KO) жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кездесудің екінші раундында Ақтөбе облысының тумасы қарсыласын нокдаунға түсірді. Ал сегізінші раундтан кейін Фигероа кездесуден бас тартты. Осылайша, Липинец жартылай орта салмақта WBC Silver белбеуін иеленді. 

Еске салайық, бұл кездесуде Сергей америкалық Эрдиен Бронердің (34-4-1, 24 КО) орнына шыққан еді. Америкалық психологиялық жағдайына байланысты кездесуден бас тартты. 

Ал Липинец осы жекпе-жекке Қазақстанның боксшысы ретінде шықты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport