Қазақ боксшы қарсыласын екінші минутта нокаутқа түсірді - видео

Жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіби бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіби бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ол Канададағы Эдмонтонда өткен жекпе-жекте мексикалық 29 жастағы Элиуд Мелендез Рочты 82 секундта нокаутқа түсірді.
Ахмедов осымен 2018 жылы қатарынан алтыншы кездесуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті.
20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жегін биыл бастаған еді. Әуесқой бокста Жастар арасындағы әлем чемпионатының 2016 жылғы чемпионы атанған еді. Қазір оның мүддесін канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы қорғайды.
Жарнама