Қатерлі ісікті жеңген Джейкобс Головкиннен де басым түседі - HBO сарапшысы
HBO телеарнасының сарапшысы Харольд Ледерман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 20 КО) арасындағы кездесуге өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Екі чемпион бетпе-бет келді. Жұдырықтаса білетін екі жігіт. Джейкобс қатерлі ісікті жеңді, енді ол Головкиннен басым болуға тырысады", - деді Ледерман HBO телеарнасында.
2011 жылы БАҚ-та Джейкобсқа қатерлі ісік диагнозының қойылғаны белгілі. Дэниэл ауыр дертпен 7 ай бойы күресіп, ақыры аман қалды. Дәрігерлер болса оған жұдырықтасуға болмайтынын айтып, дабыл қаққан, алайда Джейкобс 2011 жылдың желтоқсанында жаттығуға қайта кірісіп кетті.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Жарнама