Желіде мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің шешесі Ана Мария Барраганның ұлы мен орта салмақта WBA (Super) WBC IBF IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жектен кейінгі төрешілердің шешімін күткендегі сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды La Opinion.
Әйел T-Mobile аренасына жекпе-жекті көруге келіп, төрешілер шешім шығарған сәтте ашуға берілді: "Бұл дүниеде бәрі де сатылады. Менің ұлым бұл жекпе-жекте жеңіске жетті. Олар жеңісті "ұрлап кетті", - деп мәлімдейді ол.
Айта кетейік, Барраган сегіз баланың анасы, оның жетеуі ұл, олардың барлығы кәсіпқой боксшы болған.
Осы сәтте жанкүйерлер Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне қатысты шығарылған шешімге ысқырып, наразы болған еді. Кейін бокс әлемінің жанкүйерлері бұл шешімге наразы болғанын айта кетейік. Альварестің өзі де жекпе-жек аяқталғаннан кейін қазақстандықтың күшті екенін мойындаған еді.
Ал Головкиннің өзін жеңілдім деп санамайтынын мәлімдеді. "Тең есеп - ол менің кінәм емес. Қолымнан келетінін барлығын жасадым. Менің белбеулерімен қараңыздаршы, мен жеңілген жоқпын", - деген еді осыған дейін Головкин.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Жарнама