Профи-бокс
9 желтоқсан 2019 09:36

"Канелоның" командасы Головкинмен трилогия жолын қарастырып жатыр

Фото: HBO Boxing
Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо мексикалық боксшының қай салмақта жұдырықтасатынын айтты. Бұл туралы IBTimes.com хабарлады.


Қарашада "Канело" төртінші дивизионды бағындырған - ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жартылай ауыр салмақта WBO титулын иеленген.

Рейносоның айтуынша, Альварес келесі жекпе-жегін 160 немесе 168 фунтта өткізуді жоспарлап отыр.

"Жоспарымыз - 160 не 168 фунтта жұдырықтасу, ол жақта мықтылар көп", - деді Рейносо.

Бапкер мексикалықтың командасы жақын арада қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) трилогия өткізуді қарастырып жатқанын айтып қалды.

Жақында Альварестің бокстағы шаруасымен айналысатын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес "Канелоның" Головкинмен тағы да кездескенін қалайтынын айтқан еді.

DAZN стриминг сервисі де Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуді қалайды. Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек биыл қыркүйекте өтуі мүмкін болған, бірақ мексикалық боксшы одан бас тартқан еді.

Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең есеп тіркелсе, бір жылдан кейін "Канело" төрешілер шешімімен жеңген.

Головкин қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған болатын.