Профи-бокс
13 қазан 2017 17:32
 
"Канелоның" қазақстандық спарринг-серіктесі қаңтарда чемпиондық атақ үшін жұдырықтасуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобиржан Моминовтың (4-0, 4 КО) менеджері Фархад Шарипов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында келесі жылдың басында боксшының чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.

"Жекпе-жек қаңтарда өтуі мүмкін. Анық-қанығы кейін белгілі болады. Қазір Бобиржан жекпе-жек өткізіп, үйге, туыстарына барғысы келеді", - дейді Шарипов.

Промоутердің сөзінше, жекпе-жек қайым ұйым ережелері бойынша өтетіні әлі белгісіз, алайда, Латын Америкасының чемпионы атағы да тігілуі мүмкін.

Айта кетейік, 20 қазанда 25 жастағы Бобиржан Моминов өзінің бесінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл жолы қазақстандық боксшының қарсыласы 27 жастағы уругвайлық Андрес Чапарро (7-15-1, 3 КО).

Мұның алдында Шарипов мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің командасы Головкинмен қарымта кездесу аясында Моминовпен бірге дайындалуды ары қарай жалғастырмақ ниетте екенін айтқан.

Жарнама

Живи спортом!