Профи-бокс
13 шілде 2022 20:41
 

"Канелоның" қазақстандық спарринг қарсыласының алдағы жоспары белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

"Канелоның" қазақстандық спарринг қарсыласының алдағы жоспары белгілі болды ©Suleimen Promotions

Супер орта салмақта WBA белбеуінің иегері қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындықты бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Супер орта салмақта WBA белбеуінің иегері қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындықты бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ербосынұлы дайындықты Алматы қаласында бастады. Кейін ол тамыз айында АҚШ жерінде жаттығуды жалғастырады. Сол кезде қазақстандық боксшының келесі қарсыласы да белгілі болып қалады. 

Осыған дейін супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) спарринг қарсыласы болған Ербосынұлыны өзі дайындықты бастағанын ресми хабарлады. 

Айта кетейік, Ербосынұлы өткен жылдың күзінен бері шаршы алаңға шықпады. Оның командасы қазіргі уақытта супер орта салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелмен (6-0, 5 КО) кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!