Профи-бокс
9 қаңтар 2018 16:44
 
"Канелоның" қазақстандық спарринг қарсыласы шаршы алаңға ақпанда оралады

  Пікірлер

blog.share

"Канелоның" қазақстандық спарринг қарсыласы шаршы алаңға ақпанда оралады

26 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобиржан Момынов (4-0, 4 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне шаршы алаңға қашан ораланын айтып берді. Боксшының айтуынша, ол шаршы алаңға қаңтар айында-ақ оралғысы келген. Бірақ кейін жоспары өзгеріп кеткен. 

"Мен негізі қаңтар айында жекпе-жек өткізуім керек еді. Бірақ жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келді. Қазір Қазақстандамын. Келесі кездесуімді ақпан айында АҚШ-та өткіземін", - дейді Момынов. 

Айта кетейік, Момыновтың кәсіпқой бокстағы бесінші кездесуі 17 ақпан күні АҚШ-тың Орландо қаласындда өтеді. 

Бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Арман Рысбек те шаршы алаңға шығады. Бұл 27 жастағы Рысбек үшін кәсіпқок бокстағы екінші кездесуі болмақ. Бірінші жекпе-жегін ол 27 қаңтар күні өткізеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Эштон Доминик Сайкс (1-1) болмақ.

Еске салайық, бұған дейін Момынов мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге  (37-0-1, 33 КО) қарсы өткізетін жекпе-жегі алдында спарринг қарсыласы болды. 

Жарнама

Живи спортом!