"Канелоның" қазақстандық спарринг қарсыласы чемпионмен қашан жұдырықтасатыны айтылды
Суперорта салмақта WBA белбеуіне міндетті қарсылас қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) чемпиондық белбеудің иегері кубалық Давид Моррелмен (6-0, 5 КО) кездесу өткізу үшін келісімшарт жасауға жақын, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Дереккөздің ақпараты бойынша, екі боксшының командасы кездесуге қатысты негізгі мәселелерді ақылдасып алған. "Енді тек кішігірім дүниелерді реттеу керек, бірақ басты мәселелер шешіліп қойды", - деді инсайдер.
Айта кетейік, Ербосынұлы қазіргі уақытта бұл кездесуге дайындықты бастап кетті. Ол жаттығуға Алматыда кірісіп, жуырда АҚШ-қа барады.
Ербосынұлы өткен жылдың күзінен бері шаршы алаңға шықпады. Сол уақыттан бері оның командасы Моррелмен келіссөз жүргізіп келді.
Биыл қазақстандық боксшы суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альваресттің (57-1-2, 39 КО) жаттығу залында болып, онымен спаррингтер өткізді.
Жарнама