"Канелоның" бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасқан Жүкембаев WBA және IBF титулдарын жеңіп алды

Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек канадалық Монреальдағы бокс кешінде өтті. Боксшылар WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын сарапқа салған.
Жүкембаев - Васкес жекпе-жегі жоспарланған 10 раундқа созылды. Нәтижесінде Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті: 100:90, 99:91, 99:91.
28 жастағы Жүкембаев кәсіпқой рингте әлі жеңілген жоқ - 17 жекпе-жегінің 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бұған дейін 41 жеңісі болған 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңіліп отыр.
Жарнама