Профи-бокс
9 маусым 2022 20:07

"Канелоның" Биволдан жеңілгеніне кім кінәлі екені белгілі болды

©Reuters

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя өзінің ұлыбританиялық әріптесі Эдди Хирнді сынап тастады, деп жазады vringe.com порталы. 

Де Ла Хойяның айтуынша, Хирн мексикалық боксшының Дмитрий Биволға қарсы кездесуін ұйымдастырмау керек еді. 

"Бұл нашар шешім болды. Осыған дейін Биволды ешкім таныған жоқ еді. Жеке мен Дмитрийді осы уақытқа дейін танымал етер едім. Бірақ оны шынымен ешкім білмеді. Ал "Канелоны" жеңгеннен кейін бүкіл әлем оған назарын аударды. 

"Канелоның" қазіргі промоутерінің бокс әлемінен аса хабары жоқ. Себебі ол бұған дейін басқа кәсіппен айналысқан. Альварес соның кесірінен жеңілді. Бивол расында "Канелодан" ірі боксшы. Лас-Вегаста осыған дейінгі қолдау болмады. Осының салдары да Саульге кері әсерін тигізді. Иә, Альварес қазіргі уақытта бокс жұлдызы. Алайда Хирн онымен дұрыс жұмыс істей алмауда", - деді Де Ла Хойя. 

Еске салайық, Альварес пен Бивол арасындағы кездесу 7 мамырда өтіп, төрешілердің шешімі бойынша ресейлік боксшы жеңіске жетті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport