Кәсіпқой бокс
10 қазан 2017 14:47
 
"Канеломен" реванш болмай қалса не болады? Головкиннің промоутері жауап берді

  Пікірлер

blog.share

"Канеломен" реванш болмай қалса не болады? Головкиннің промоутері жауап берді © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш өткізу басты мақсат екенін жеткізді.

Головкин - Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 2018 жылы 5 мамырда өтеді деп болжанады. Сонымен қатар, промоутер реванш болмай қалған жағдайда қосымша нұсқалардың бар екенін жеткізді. Алайда BoxingScene.com мәліметінше, Головкин өз командасына барлық нұсқаны екінші орынға қойып, "Канеломен" келісімшарт жасасуды тапсырған.

"Канеломен" жекпе-жек басты мақсатымыз. Golden Boy мұны қалап отыр, НВО қалап отыр. Golden Boy "Канеломен" сөйлесіп көреді. Фанаттар да екінші жекпе-жектің болғанын қалайды. Головкин мен Альварес жекпе-жекте барлығын салды, олар да қайта жұдырықтасқысы келеді", - деп жазады BoxingScene.com Лефлердің сөзін.

Қосалқы нұсқалар бойынша: Джермалл Чарло (26-0, 20 КО), орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерсом (25-0, 12 КО), Дэниэл Джейкобспен реванштық кездесу және екінші орта салмақта WBO чемпионы Хильберто Рамирес (36-0, 24 КО).

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Жарнама

Живи спортом!