Профи-бокс
26 сәуір 2018 10:55
 
"Канело" Ванеспен кездесуден бірнеше рет қашып кетті. Монро Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Ванеспен кездесуден бірнеше рет қашып кетті. Монро Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті Головкин мен Монро. Сурет: insidehboboxing.com

Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Геннадий Головкиннің WBA белбеуінің үміткер болған америкалық боксшы кіші Вилли Монро (22-3, 6 КО) отандасымыздың америкалық Ванес Мартиросянға қарсы кездесуі (36-3-1, 21 KO). туралы ойымен бөлісті. 

"Менің ойымша, Ванес пен Головкиннің кездесуі есте қаларлықтай болады. Мен Мартиросянды бұрыннан білемін. Ол алдағы кездесуде соңғы жекпе-жегіне шыққандай жұдырықтасады. Оның күші де мықты. Ол белбеуге таласатын мүмкіндік алғанына қуаныштымын. Өйткені, "Канело" онымен кездесуден бірнеше рет қашып кетті", - дейді кіші Монро. 

WBC Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықасуы тиіс міндетті қарсыластың есімін жариялады

Еске салайық, Монро 2015 жылдың мамыр айында Головкинмен кездесіп, алтыншы раундта жеңіліп қалған еді. Содан соң америкалық боксшы төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңіліп қалды. 

Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты, АҚШ) маңындағы Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрт белбеуінің үшеуін сарапқа салады

Негізі әу баста отандасымыз мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесу өткізуі керек еді. Жекпе-жек 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек болған. Бірақ жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталды. Кейіннен жекпе-жектен алты айға шеттетілді. Сөйтіп, кездесу өтпейтін болды. 

Жарнама

Живи спортом!