Кәсіпқой бокс
19 маусым 2018 13:32
 
"Канело" менің көзіме тік қарай алмайды. Мен оны сыйламаймын - Головкин

  Пікірлер

blog.share

"Канело" менің көзіме тік қарай алмайды. Мен оны сыйламаймын - Головкин boxingscene.com

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) жекпе-жек алдында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) туралы ойымен бөлісті. 

Бұған дейін боксшылар жекпе-жекке бір апта қалғанша бірге баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Олар бірін-бір көргісі келмейді деп айтылған еді. 

"Канело" менің көзіме тік қарай алмайды. Өйткені, менікі дұрыс екенін біледі. Енді бізді нағыз жекпе-жек күтіп тұр. Мен үнемі дайынмын. Себебі, мен чемпионмын. Ал "Канело" болса өзін көрсету үшін жақсы бір мотивация табуы керек", - деп келтіреді Головкиннің сөзін LA Times,.

"Мен тұлға ретінде ол жайында ештеме ойламаймын. Тек 15 қыркүйек күні шаршы алаңға шығып, жекпе-жек өткізеді деп сенем. Мен оған табыстың алты немесе жеті пайызын беретін жағдайда емеспін. Достар үшін мұндай қадамға баратын едім. Бірақ ол үшін емес. Мен оны сыйлаудан қалдым", - деп келтіреді отандасымыздың сөзін ESPN порталы. 

Еске салайық, негізі Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 5 мамырда өтуі керек еді. Бірақ мексикалық боксшының допинг дауына байланысты кейінге шегерілді. 

Кейін боксшылардың командасы келіссөзді қайта бастап, екінші кездесуді ұйымдастыруға ниетті болды. Алайда әу баста боксшылардың командалары пайданы қалай бөлісе алатынын шеше алмады. Дегенмен де шілде айының басында ақыры келісті. 

Енді олардың екінші кездесуі 15 қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада штаты) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!