Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 KO) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өтетін үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Мен Головкиннің ең мықты нұсқасына дайындалып жатырмын. Ол ақылды боксшы. Соққысы да ауыр. Оны нокаутқа түсіру қиын. Бірақ мен оны білемін. Алдағы айқаста да не істеу қажетін білемін. Сол үшін мен жеңіске жетемін", - деп келтіреді "Канелоның" сөзін diaadia.com.pa порталы.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.