Профи-бокс
25 наурыз 2017 15:31
 
"Канело" Головкиннен қашып, Лемьемен жекпе-жек өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкиннен қашып, Лемьемен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес егер алдағы 6 мамыр күні өтетін жекпе-жекте отандасы кіші Хулио Сезар Чавестен айласын асыратын болса, келесі кездесуін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы емес, канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізуі мүмкін, деп жазады boxingscene.com порталы. 

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басышысы, Сауль Альварестің жекпе-жектерін ұйымдастырушы Эрик Гомез қазіргі уақытта Кертис Стивенсті нокаутқа түсірген канадалық Давид Лемьеге қарсы кездесу өткізу туралы нұсқаны қарастырып жатыр екен. Жағдайды Головкиннің маусым айында британдық Билли Джо Сондероспен өткіземін деп отырған кездесуі де тығырыққа тіреп отыр. 

Еске салайық, бұған дейін Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкинге маусым айында өткізетін жекпе-жегінен бас тартуды сұраған еді. Себебі, егер отандасымыз маусым айында жекпе-жек өткізсе, қыркүйекке жоспарланып отырған "Канелоға" қарсы кездесуде дайындалып үлгермей қалуы ықтимал. 

Жарнама

Живи спортом!