"Канело" Головкинмен екінші рет кездескісі келмейді деп естідім - Кит Турман
Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal
Жартылай орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Кит Турман (28-0-1, 22 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өткен кездесу туралы ойымен бөлісті.
Оның айтуынша, бұл кездесуде төрешілер Альвареске тең нәтижені алып берген екен. Бірақ кездесуде Головкин жеңіске жеткен. Турман "Канело" жеңілді деп, бірақ төрешілер өтірік шешім шығарды деп ойлайды. Жекпе-жекке қазылық еткен төрешілердің бірі 118-110 есебімен жеңісті мексикалыққа берсе, екіншісі 15-113 есебімен Головкин жеңді десе, үшіншісі 114-114 есебімен тең нәтижені тіркеді.
"Маған "Канелоның" қалай қимылдағаны ұнады. "Канелоның" жекпе-жек кезіндегі ойлау қабілеті мен айлалары Флойд Мейвезермен өткен кездесуге қарағанда әлдеқайда өскені байқалады. Альварес тең нәтижеге қол жеткізу үшін бұл айлаларды жақсы пайдаланды. Мен дәл осылай айтамын. Себебі, бұл кездесуде ол оңбай таяқ жеді. Головкинмен тең нәтиже - ол үшін жеңіспен пара-пар.
Жекпе-жек бүкіл әлем жарнамалағандай керемет болған жоқ. "Канело" көп бос сөз айтты. Бұл жігіт барлық күшін салып, раундарды өз пайдасына аяқтау керек еді. Бірақ ол олай істеген жоқ. Ол Головкинге қарсы кездесуде қорғаныс тактикасын таңдап алды. Мен Головкиннің "Канелоға" шамалы көбірек қыспаққа алғанын қалаған едім. Дегенмен Головкин де шамалы қартайып қалғаны көрінді. Бірақ мен бұл жағдайлардың барлығына қарамастан "Канелоның" Головкинмен екінші рет кездескісі келмейтінін естідім", - дейді Турман FightHype.com порталына берген сұқбатында.
Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) бұған дейін "Канело" мен Головкин арасындағы екінші кездесудің өтуіне рұқсат берген еді. Ал Альварестің өзі болса қазақстандық боксшымен екінші кездесу өткізу - мақсаты екенін айтты. Бірақ жекпе-жекті ұйымдастыру Головкиннің командасына тікелей байланысты екен. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.

Жарнама