Профи-бокс
15 маусым 2018 10:57
 
"Канело" Головкинге қарсы екінші кездесуге қайда дайындалатыны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкинге қарсы екінші кездесуге қайда дайындалатыны белгілі болды despertardeoaxaca.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қарсы кездесуде Мексика және АҚШ елдерінде дайындалатын болады, деп хабарлайды ESPN Deportes басылымы. 

Өз отанында мексикалық боксшы 9 маусымға дейін дайындық жұмыстарын өткізеді. Содан соң Калифорнияға келіп, жаттығу жұмыстарын ары қарай жалғастырады. 

"Жекпе-жек жоспарланып қойды. Сондықтан біз ештемені уайымдап отырған жоқпыз. Қарсылассыз дайындық жүргізген әрқашан қиын. Бірақ қазір біздің қарсыласымыз да, кездесудің өтетін уақыты да белгілі. Головкинмен екінші кездесу ақыры өтетініне қуаныштымын. Бұл кездесуде бірінші айқасқа қарағанда қызығырақ болады. Бұл кездесуде соққылар да көп жасалады. Біз Саульдің өткен кездесудегі қателіктерін зерттеп жатырмыз. Енді ондай қателік жасамаймыз", - деді Альваресті жаттықтырып жүрген Эдди Рейносо. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталып еді. 

Жарнама

Живи спортом!