Профи-бокс
29 маусым 2017 16:14
 
"Канело" Головкинге екінші мүмкіндік бермейтінін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкинге екінші мүмкіндік бермейтінін айтты

Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) бір ғана кездесу өткізуге ниетті екенін айтты. 

"Бізде тек бір жекпе-жек болады. Сондықтан да бірінші кездесуде мен жеңіске жетемін. Мен 160 фунтқа әлемдегі ең мықты боксшылардың бірімен кездесу үшін ауыстым. Бұған дейін де айтқанымдай мен тек мықтылармен кездескім келеді. 

Жекпе-жек асыға күтіп жүрмін. Менің команда және мен Головкинмен өтетін кездесуді менің 14 жылғы жұмысымның нәтижесін көрсетеді", - дейді "Канело" atimes.com порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

і

Жарнама

Живи спортом!