Профи-бокс
6 сәуір 2017 11:45
 
"Канело" Головкин - Джейкобс жекпе-жегін пайдаланып жанкүйерлердің басын қатырып жүр - маман

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкин - Джейкобс жекпе-жегін пайдаланып жанкүйерлердің басын қатырып жүр - маман © imagenzac.com.mx

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестың Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" сол кездесу туралы Головкиннен жаңа ештеңе көрмегенін және Джейкобстың сол кездесуде жеңімпаз болғанын айтады. Боксшының бапкері Эдди Рейносода осы ойды қолдады.

Алайда Эмброуздың айтуынша, "Канело" Головкиннің сәтсіз жұдырықтасуын пайдаланып, жанкүйерлердің басын қатырып тағы да жекпе-жектен сытылып кетпекші. Еске салайық, өткен жылы мексикалық боксшы Головкинмен жекпе-жектен бас тарту үшін WBC белбеуін бере салған болатын.

"Канело" шын мәнінде Джейкобс сол кездесуде жеңіске жетті деп ойлайды ма, әлде ол өз жанкүйерлерінің қысымында қалмасы үшін осындай әрекетке барып отыр ма? Головкинмен шықпас үшін Джейкобстан жеңілген адаммен не үшін шығамын деп ақталған әрине тиімді. Бірақ барлық жанкүйерлер сол жекпе-жекті өз көздерімен көрді және Головкиннің таза жеңіске жеткенін біледі. Шындап келгенде мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтаспай өтуі мүмкін, себебі қазақстандық боксшы 34 жасқа келгеніне қарамастан, өте мықты қалпында тұр. Бокс сүйер қауым "Канелоның" Головкиннен қорқатынын біледі", - деді автор.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Жарнама

Живи спортом!