Кәсіпқой бокс
14 маусым 2017 17:36
 
"Канело" Геннадий Головкинге қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Геннадий Головкинге қандай қиындықтар туғызуы мүмкін? ©mirror.co.uk

Танымал Boxing Debate Arena деп аталатын YouTube арнасында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің соққысы орта салмақтағы WBA(Super) IBО IBF WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қаншалықты қиындық туғызатынын түсіндіретін арнайы ролик шықты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

""Канелоның" соққысы қаншалықты мықты? Ол Головкинге қаншалықты қиындық туғыза алады? Менің Сауль туралы естіген үлкен сыным, ол Альварес Головкинге келесі кездесуде қиындық туғыза алмайтын соққысы ауыр емес деген сын. Себебі, "Канело" өзінің соңғы кездесулерінде Мигель Коттоны да кіші Чавесті де нокаутқа түсіре алмады. Сондықтан да оның GGG-ға қарсы кездесуде мүмкіндігі жоқ. 

Осы жағдайды қарастырып көрейік. Котто екі рет жеңілді: бірінші рет - Антонио Маргаритодан, екінші рет Мэнни Пакьяодан. Олардың екеуі де Коттоның нокаутқа түсіре алмады. Дегенмен ол кездесуде Котто жарақат алып, кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Ал "Канело" болса көп соққысымен көзіне дәл тигізді. Бірақ Котто ол соққылардың барлығына шыдады. Сондықтан да "Канелоның" соққысы соншалықты мықты емес деген шешімге келді. Өйткені, Котто Маргарито мен Пакьяоның соққыларына қарсы шыдай алмады. Сондай-ақ Чавеспен өткізген кездесу туралы да айтуға да болады. Тағы да қайталап өтейік, "Канело" контрпанчер. 

"Канело" GGG секілді өзінің мықты соққыларымен танымал емес. Головкиннің бүйірден жасалатын соққылары мықты. Альварестің соққысы сонша мықты емес шығар, бірақ оның салмақғы ауыр. Бұл оның артықшылығы деуге болады. 

Дейтұрғанмен де біз өз болжамымызда қателесуіміз де мүмкін. Кездесудің нәтижесі мүлде басқа болуы ықтимал", - дейді автор. 

Ал бұған дейін танымал америкалық бапкер Фрэдди Роуч Головкиннің "Канелоны" нокаутқа түсіретінін айтқан еді. Қазақстандық боксшының өзі болса қарсылас көп тәжірибе жинап алғанын айтты. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.

Жекпе-жекте Головкинге тиесілі төрт чемпиондық белбеудің барлығы ортаға салынады. Ал "Канело" болса The Ring журналының арнайы белбеуін қояды. HBO телеарнасы кездесуді ақылы жүйе бойынша (PPV) тікелей эфирде көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!