"Канело" Биволдың үлкен жоспарына кедергі жасайтын болды
Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Бивол алдағы уақытта осы салмақта WBC және IBF белбеулерінің иегері Артур Бетербив пен WBO иегері Джо Смит арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығып, белбеулерді біріктіруге ниетті. Бірақ промоутер Эдди Хирннің пікірінше, Сауль "Канело" Альварес ресейлікке мұндай мүмкіндік бермейтін сияқты, деп жазады Аllboxing.ru порталы.

"Жағдай қиын. Себебі, "Канело" өз мүмкіндігін жібермейді. Қазір "Канелоға" жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу керек емес. Оған Биволды жеңген маңызды болып тұр. Сондықтан да ол Бетербиев пен Бивол арасындағы кездесудің өтуіне мүмкіндік бермейді. Өйткені, Альварес Биволмен кездескісі келеді. Ал Бивол мен Бетербиев арасындағы айқаста біріншісі фоварит болады деп сенемін. Алайда бірінші Бетербиев пен Смит арасындағы кездесуді күтейік", - деді Хирн.
Сондай-ақ Хирн Альварес екінші кездесуді Биволмен екінші орта салмақта өткізбейтіні туралы да айтты.
"Канело" реваншты екінші орта салмақта өткізеді деп ойламаймын. Ол жартылай ауыр салмақта жеңілді. Енді сол салмақта есесін қайтаруға ниетті", - деп қорытындылады сөзін Хирн.
Айта кетейік, қазіргі уақытқа Альвареске көптеген бокс мамандары және Хирн де алдымен қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесіп, кейін Биволмен жекпе-жек өткізуді ұсынып жатыр. Ал нақты жауапты мексикалық боксшының командасы осы аптада беру керек.
Жарнама